Санатәлі Төлтаев әлем чемпионатында украиналық боксшымен кездеседі

Санатәлі Төлтаев әлем чемпионатында украиналық боксшымен кездеседі

Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаевтың келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

63,5 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Төлтаев украиналық Денис Песоцкиймен кездеседі, ол хорват боксшысы Матео Комадинаны 5:0 есебімен жеңді. Жекпе-жек 1 қарашада өтеді. Песоцкий жастар арасындағы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

Санатәлі Төлтаев 2021 жылғы әлем чемпионатын молдовалық Василий Чеботарды 5:0 есебімен ұтты. Сондай-ақ алтыншы жарыс күнінде қазақстандық тағы үш боксшы жеңіске жетті: Теміртас Жүсіпов (48 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или