«Әлі жаспын, күшім тасып тұр». Әлімханұлы қазақтар жайлы мәлімдеме жасады
Кәсіпқой рингте жеңілмеген қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) Twitter-дегі парақшасында жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Біздің ата-бабамыз жауынгер болған. Бір мысал келтіргім келеді. Қабанбай 103 рет шайқасқан. Барлық қарсыластарын өлтірді. Соңғы жекпе-жегін 78 жасында өткізген. Мұны бәрі түсінеді деп ойлаймын. Қазір жасым 28-де. Жаспын, әрі күшім тасып тұр. Қазақтар мықты!» – деп жазды Әлімханұлы.
Our ancestors were warriors. I want to give you one example. Kabanbai fought 103 times. And he killed all his opponents. His last fight was when he was 78 years old. I think everyone understands that. I am now 28 years old. I'm young and strong. Kazakhs are strong! #boxing
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) October 31, 2021
Бұған дейін Жәнібек WBO тұжырымы бойынша бұрынғы «уақытша» әлем чемпионы және орта санаттағы WBC Silver титулының бұрын ие болған француз Хассан Ндам Нжикаммен (38-5, 21 КО) жекпе-жегі 20 қарашаға шегерілгенін хабарлаған болатын. Жекпе-жек Лас-Вегастағы Mandalay Bay Resort & Casino аренасында Теренс Кроуфорд (37-0, 28 КО) - Шон Портердің (31-3-1, 17 КО) айқасының андеркартында өтеді.