Голубев Санкт-Петербургте өтіп жатқан ATP турнирінің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Санкт-Петербургте өтіп жатқан ATP турнирінің жұптық сынында финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирде қазақстандық теннисші монаколық Хьюго Ниспен жұптасып өнер көрсетіп жатыр.
Жартылай финалда спортшылар үндістандық Рохан Болан мен канадалық Денис Шаповалов дуэтін үш сетте жеңді. Есеп - 6:4, 2:6, 10:4.
Кездесу 1 сағат 24 минутқа созылды.
Турнирдің финалында спортшылар Ұлыбритания өкілі Джейми Маррей мен бразилиялық Бруно Соареске қарсы ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или