«Атырау» Чемпиондар лигасымен қош айтысты

«Атырау» Чемпиондар лигасымен қош айтысты

«Атырау» 2021/22 жылғы Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің 3-тур матчында «Аньер-Вильневтен» (0:6) жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Француздарға жеңісті Родригиньо, Мамаду Туре, Нельсон Лютен, Сухейль Мухудин және Биляль Баккалидің голдары әкелді.

Осылайша, топтағы үш кездесуінде де жеңіліп қалған атыраулықтар соңғы орын алып, Чемпиондар лигасымен қоштасты. Ал үздік үш команда Элиталық кезеңге жолдама алды.

Чемпиондар лигасы-2021/22. Негізгі кезең. 4-топ. 3-тур.

«Аньер-Вильнев» – «Атырау» 6:0 (3:0)

Голдар: Родригиньо 4, Туре 17, Лютен 20, Баккали 32, 34, Мухудин 34.

«Аньер-Вильнев»: Перейра (Қ), Алла, Эль-Месрар, Мухудин, А. Мохаммед (К); Дьягурага (Қ), Абаль (Қ), Д. Да Силва, Болинья, Баккали, Туре, Лютен, Н'Галя, Родригиньо.

«Атырау»: Далтон (Қ), Фукин, Део, Тоқаев, Синезио; Алин (Қ), Сарбасов, Амандосов, Есениязов (К), Данило, Мәдиев, Жұмахмет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или