Боксшы Нұрлан Сапарбай әлем чемпионатында жеңіліп қалды

Боксшы Нұрлан Сапарбай әлем чемпионатында жеңіліп қалды

Бүгін, 28 қазан күні, Белградта (Сербия) бокстан әлем чемпионатында 92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде спортшылар жұдырықтасуды бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған салмақ дәрежесінде Қазақстан сапынан шаршы алаңға Нұрлан Сапарбай шықты. Испаниялық Аюб Айсауимен өткен кездесу қарсыласының еншісіне шешіліп, отандасымыз жарысты сәтсіз аяқтады. Екеуара кездесу 4:1 есебімен аяқталды. 

Осылайша, Қазақстан құрамасынан екінші боксшы әлем чемпионатындағы жолын жеңіліспен аяқтады.

Айта кетерлігі, бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты 6 қарашаға дейін жалғасады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или