Қазақстан - Белорусь матчында рекорд қойылды
<p style="text-align: justify;">
<strong>Ресейдің Хабаровск қаласында допты хоккейден Әлем чемпионаты жалғасуда. Алғашқы ширек финалдық ойында Қазақстан Ұлттық құрамасы Беларусь елінің спортшыларын 26:8 есебімен ұтты.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Бірінші тайм қазақстандық хоккейшілердің толық басымдығымен өтіп, Александр Баранов қақпасына допты бірінен кейін бірін соға берді. Беларусь құрамасы бес голмен жауап қайтарды: Андрей Кабанов хет-трик жасаса, Сергей Юсупов пен Александр Козлов бір доптан соқты. Осылайша алғашқы тайм 17:5 есебімен аяқталды. Бұл – допты хоккейден Әлем чемпионатының рекорды.</p>
<p style="text-align: justify;">
Екінші таймда қазақстандық хоккейшілер басымдықты нығайтып, тағы 9 гол соқты. Ал, бұған Беларусь құрамасы тек 3 доппен жауап қайтарды. Осылайша алғашқы ширек финалдық ойында 26:8 есебімен жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или