«Бұл заңды ма?!» Андрей Тихонов ҚФФ жазасына таңғалды
«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов футболдан 2021 жылғы Қазақстан чемпионаты 25-турындағы «Қайратқа» қарсы матчта (0:1) командасы алаңнан шығып кеткені үшін ҚФФ екі жылға шеттетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Бұл шешім қандай негізде қабылданғанын түсінбеймін. Ешқандай іс қозғалған жоқ, мені ешқайда шақырмады, мені ешкім тыңдамады. Маған қызығы, екі жылға шеттету жалпы заңды ма? Тәртіптік қаулыда мұндай ұзақ жазаны қарастыратын тармақ бар ма? Тағы да қайталаймын: алаңнан кету туралы шешімді команда қабылдады, мен тек жігіттермен келістім, - деді Тихонов Prosports.kz сайтына берген эксклюзив пікірінде.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана» «Қайратқа» қарсы матчта төрешіге көңілі толмай, алаңнан кетіп қалған болатын. Оған 41-минутта алматылықтардың қорғаушысы Камо Оганнисянның алаң ортасында «Астана» вингері Тигран Барсегянды итеріп жіберген сәті себеп болған. Команда алаңнан кетіп қалды, бірақ бес минуттан кейін оралған еді.
Ресми: Андрей Тихонов екі жылға шеттетілді, Барсегян да жаза алды
«Астана» футболшылары төрешіге наразы болып, алаңнан кетіп қалған. Төреші қандай қате жіберді?