Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы. «Атырау» мен «Қайраттың» алғашқы матчтарының тікелей трансляциясы
Бүгін, 27 қазанда «Атырау» МФК мен «Қайрат» АФК футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матчтарын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мұнайшылардың» қарсыласы словениялық «Добовец» болады. Матч елорда уақытымен 23:55-де басталады. Тікелей трансляцияны QazSport телеарнасы көрсетеді.
Айта кетейік, атыраулықтар турнирдің негізгі кезеңін Словениядағы Подчетртеке қаласында өткізеді.
Ал «Қайрат» Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің алғашқы матчын чехиялық «Пльзеньге» қарсы өткізеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 21:30-да басталады, оны Qazaqstan эфирінен көруге болады.
«Қайрат» рейтингіде жоғары орында тұрғанының арқасында атыраулық клуб та А жолына түскен. Сондықтан топтан тек жеңімпаз емес, бірден үздік үш команда шығады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или