Шымкент қаласында дзюдодан халықаралық турнир өтеді

Шымкент қаласында дзюдодан халықаралық турнир өтеді

Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2-4 сәуір күндері жастар арасында дзюдодан IV халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Спорттық шара Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және Қазақстан Ресупбликасы конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Дзюдодан Шымкенттің ашық біріншілігі Оңтүстік Қазақстан облыстық дзюдо федерациясының және күрес түрлерінен № 10 мамандандырылған балалар мен жәсөспірімдер мектебінің қолдауымен өтеді. Турнирге еліміздің және шетелдің 1995-1996 жылдары туылған үздік спортшылары қатысатын болады.

Бұл спорттық сайыстың мәні — көршілес елдердің өзара ынтымағы мен қарым-қатынасын нығайтып, жасөспірім спортшылардың біліктілігін шыңдау дейді жарысты ұйымдастырушылар. Сонымен қатар аталмыш шара қала тұрғындарын салауатты өмір салтын қалыптастыруға үндейді.

Турнир Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионның жеңіл атлетикалық манежінде сағат 10:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или