Бекзат Саттархановты еске алуға арналған турнир басталды

Түркістанда Сидней олимпиадасының чемпионы, марқұм Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан жастар арасындағы ХІІІ халықаралық турнир бастау алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Дәстүрлі додаға еліміздің барлық облыстарымен қоса Қытай, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресейденден 200-ге жуық жас спортшы қатысып жатыр. Былғары қолғап шеберлері 10 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтайтын болады. Аталмыш турнир Бекзаттың туған күні, яғни, 4 сәуірде өз мәресіне жетеді. Шешуші жекпе-жектер де сол күнге жоспарланған. Жеңіс тұғырынан көрінген боксшылар спорт шебері дәрежесіне ие болады.

Айта кетейік, биыл Бекзат Саттарханов көзі тірі болғанда 35 жасқа толар еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или