Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты алдындағы жаттығуына кірісті
Қазақстандық спортшылар көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысу үшін Жапонияға келді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ұлттық құрама мүшелері бүгін әлем чемпионаты алдындағы бақылау жаттығуын жасады.
Айта кетерлігі, 27-31 қазан күндері Жапонияда өтетін әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы жекелей және топтық жарыс бойынша қатысады. Жекелей сында Эльжана Таниева мен Ділназ Байленова ел намысын қорғаса, топтық жаттығуда Айдана Шаяхметова, Даяна Шаяхметова, Милана Будник, Алина Чернышева, Айсұлу Мырзағалиева, Сағина Мұратқызы бақ сынайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или