Әлімханұлы WBO рейтингісінде орнын сақтап қалды
<span>Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың рейтингісін жаңартты, деп жазады Prosports.kz.</span>
Орта салмақта Жәнібек Әлімханұлы 2-орынды, Қанат Ислам 5-орынды сақтап қалды. Рейтингте мексикалық Хайме Мунгия көш бастап тұр. Бұл салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Деметриус Андраде.
Супер орта салмақта жерлесіміз Айдос Ербосынұлы бесінші орында тұр. Үздік үштікке британиялық Зак Паркер, америкалық Дэниэл Джейкобс және канадалық Давид Лемье жайғасқан. Бұл салмақта <span>WBO чемпионы - мексикалық Сауль «Канело» Альварес.</span>
<span>Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Заурбек 15-орынға ие болды. Бұл салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы - америкалық Шакур Стивенсон.</span>
Айта кетейік, <span>тарихта ешбір қазақстандық боксшы Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) чемпиондық белбеуіне ие болған емес.</span>