Бокстан әлем чемпионаты: бірінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы

Бокстан  әлем чемпионаты: бірінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы

25 қазанда Белградта бокстан ерлер арасындағы 21-інші әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сайыстың алғашқы екі рингке екі қазақстандық шығады. 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Серік Теміржанов 1/32 финалда моңғолиялық Энх-Амар Хархуумен кездеседі. Бұл жекпе-жек В рингінің үшінші кездесуінде өтеді.

Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов 67 келіге дейінгі салмақта бірінші айналымда Қытайлық Тайпей өкілі Линь Юмен күш сынасады. Бұл А рингінде бірінші сессияның 12-ні жекпе-жегі болады. 

Әлем чемпионатының алғашқы сессиясындағы жекпе-жектердің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді, басталуы – елорда уақытымен 22:00-де. Эфирді мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.

Фото aiba.org

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или