Ибрагим Беков OCTAGON 24 турнирінде қарсыласын бір минутта жеңді
Нұр-Сұлтанда OCTAGON лигасы ұйымдастырған ивентте қазақстандық Ибрагим Беков (2-2) қарсыласынан басым түсті, передает Prosports.kz.
Жеңіл салмақта өнер көрсететін Беков бірінші минутта қырғыз кикбоксшысы Дастан Шаршеевті (2-0) жеңді. Қырғыз спортшысы ММА-дегі карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр.
Айта кетейік, OCTAGON 24 турнирінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Қасым Әнуарбек (5-2) пен қырғызстандық Нұрболот Аскарбек уулу (8-1) титул сарапқа салады.
Турнирдің ресми серіктестері - TURAN табиғи суы, 1XBET букмекерлік компаниясы, сондай-ақ Jaguar Energy Drink.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или