Басқа

МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің жұмыс кеңесі өтті

news-banner7
mobile-news-top

«Қазақстан» жеңіл атлетика кешенінде Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің жұмыс кеңесі өтті.

Комитет төрағасының міндетін атқарушы Бекболат Байжановтың төрағалығымен өткен басқосуға комитеттегі барлық басқарма басшысы, бағынысты мекеме басшысы, бас бухгалтерлері мен заңгерлері қатысты.

Күн тәртібінде бағынысты мекеме басшылары жыл басынан бері 9 айдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыс пен бюджет қаражатының игерілуі жайлы есеп берді. Алғаш рет ұйымдастырылған ТМД елдері ойындарының қорытындысы шығарылды.

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті жазғы спорт түрлері басқармасының басшысы Айгүл Бектенова 4-11 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясының Қазан қаласында алғаш рет өткен ТМД елдері ойындарындағы Қазақстан делегациясының көрсеткішіне тоқталып өтті. Осыдан кейін сала мамандарымен нәтиже талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, 10 мемлекеттен 14-23 жас аралығындағы спортшылар жиналған ойындарға Қазақстан құрамасы 14 спорт түрінен 150 атлет апарды. Жалпы есепте 18 алтын, 35 күміс, 53 қола (барлығы 106) медальмен Ресей мен Өзбекстаннан кейін үздік үштікті түйіндеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер