Басқа

Балалар спорт секцияларына тегін қатыса алады

news-banner7
mobile-news-top

Биыл мамырдан бастап елімізде 127 мыңнан астам спорт үйірмесі мен 23 мыңнан астам балалар үйірмесі жұмыс істеп келе жатыр. Бағдарламаға барлық республикалық маңызы бар қала мен облыс тұрғындары қатыса алады. Жас ерекшелігі 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге арналған. Қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады, тиісінше спорт және балалар үйірмелерімен айналысу тегін. Бұл жоба балалар мен жасөспірімдерде шығармашылық әлеуетті дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған.

Спорт секцияларымен балалар мен жасөспірімдердің 37,5% -ы (1,5 млн бала), білім және мәдениет ұйымдарындағы шығармашылық үйірмелермен 33,4%-ы (1,3 млн бала) қамтылған.

Баланы кезекке қою үшін ата-аналар Artsport.edu.kz сайтына кіріп, электронды өтініш беруі керек (өтінішті ата-аналардың біреуі береді). Осыдан кейін балалар арасында бос орындар олардың кезектілігіне сәйкес бөлінеді. Әрі қарай баланы секцияға қабылдау үшін ваучер беріледі.

Ваучерде көрсетілген өнім беруші мен баланың ата-анасы арасында ваучердің қолданылу мерзімі ішінде баланы қабылдау бойынша шарт жасалады.

Шарт жасасу үшін баланың заңды өкілі өнім берушіге мына құжаттарды ұсынады:

1) спорт секциясына қабылдауға еркін нысандағы өтініш;

2) баланың суреті;

3) баланың туу туралы куәлігінің сканерленген көшірмесі;

4) 027/у нысаны бойынша дәрігердің сабаққа жіберуге рұқсаты бар баланың денсаулық жағдайы жайлы анықтама;

5) 037/е нысаны бойынша баланың эпидемиологиялық ортасын талдау туралы анықтама.

Айта кетейік, аталған бағдарламаны Мәдениет және спорт министрлігі өңірлердегі әкімдіктермен бірлесіп, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасындағы Жол картасын іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер