Қазақстан әйелдер құрамасы тағы да жеңілді. Ресми матчта жеңбегеніне үш жыл болды

Қазақстан әйелдер құрамасы тағы да жеңілді. Ресми матчта жеңбегеніне үш жыл болды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Грекияға жол берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық футболшы қыздар кездесудің соңына қарай гол жіберіп, жеңіліп қалды. Матч 0:1 есебімен аяқталды. Жалғыз голды Григорий Пулиу соқты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің I тобында үшінші кездесуде де жеңілді. Футболшылардың еншісінде ұпай жоқ - соңғы орында тұр. Бұған дейін Грекиялық 2:3, Уэльстен 0:6 есебімен жеңілген болатын.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы ресми матчтарда қатарынан 13 ойын бойы жеңіліп келеді. Кейінгі рет команда ресми ойында 2018 жылы Босния және Герцеговинаны жеңген болатын.

Енді қазақстандықтар 26 қазанда өз алаңында Францияны қабылдайды.

Қазақстан – Грекия 0:1

Голдар: Григория Пулиу (85’)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер