Басқа

Зоя Кравченко стенд атудан әлемдік доданың қола жүлдегері атанды

Зоя Кравченко стенд атудан әлемдік доданың қола жүлдегері атанды

Қазақстандық мерген Зоя Кравченко стенд атудан халықаралық турнирінде үздік үштікке енді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Кипрдің Ларнака қаласында стенд атудан ISSF President's Cup Shotgun халықаралық додасы өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының өкілі Зоя Кравченко скит-микс санаты бойынша жұптық додаға қатысты. Аралас жұптық дода бойынша ол франциялық жұбы Эрик Делаунаумен бірге жарыстың қола жүлдегері атанды.  

Айта кетерлігі, әлем кубогінің финалы болып саналатын дүниежүзілік бәсеке 24 қазанға дейін жалғасады.

Түпнұсқасы: olympic.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0