Қысқы

Қазақстандық спортшы жаттықтырушы тарапынан қысым көргенін мәлімдеді

Қазақстандық спортшы жаттықтырушы тарапынан қысым көргенін мәлімдеді
news-banner7
mobile-news-top

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі Александр Геберт Instagram-парақшасында бапкерлерін жемқор деп айтыптап, мәлімдеме жасады.

Спортшының айтуынша, маусым соңында әрбір спортшыға оқу-жаттығу жиыны үшін тиесілі күндік ақылары төленеді. Алайда ақшаны бапкерлер өз қалтасына алады екен.

Сондай-ақ Александр Геберт ұлттық құрама сапынан себепсіз қуылғанын, кейінгі уақытта күн көру үшін құрылыста жұмыс істеп жүргенін айтты.

Спортшы неліктен қаржыны жіберу керек екенін сұрағанында, қорлап, психологиялық қысым көрсеткен. Сонымен қатар мұндай қысымның халықаралық және республикалық жарыстар кезінде, дайындық барысында да болатынын айтады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер