Садриддин Ахмедов венесуэлалық боксшымен жұдырықтасуы мүмкін
Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық былғары қолғап шебері Садриддин Ахмедовтың (12-0, 10 КО) келесі жекпе-жектегі қарсыласы кім болатыны анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) келесі айқасында венесуэлалық Жохан Гонзалеспен (28-1, 28 КО) кездесуі мүмкін. Венесуэлалық боксшы кейінгі жекпе-жегінде колумбиялық Ликар Рамосты жеңген.
Бұған дейін Садриддин Ахмедов әлеуметтік желіде желтоқсан айында шаршы алаңға оралатынын мәлімдеген еді. Ол кейінге жекпе-жегін нидерландылық Стивен Даньонға (18-4-3, 7 КО) қарсы өткізіп, жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или