Қоңқабаевты келесі жекпе-жегіне беларусьтік маман дайындайды

Қоңқабаевты келесі жекпе-жегіне беларусьтік маман дайындайды

Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой рингтегі төртінші жекпе-жегіне дайындықты бастыд, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы боксшы инстаграм парақшасында хабарлады.

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны жаттығу процесін Мәскеуде беларусь маманы Андрей Ивичуктің жетекшілігімен өткізеді.

«Бүгін Мәскеу қаласындағы жаңа бапкерім Андрей Ивичукпен танысып,алғашқы жаттығуымызды жасадық. Бұйырса жекпе-жекке жақсы дайындықпен келетінімізге сенемін», - деп жазды спортшы.

Айта кетейік, Қамшыбек Құнқабаевтың кәсіпқой рингтегі келесі жекпе-жегі биыл жыл соңына жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или