Белградта өтетін әлем чемпионатына қатысатын боксшылар тізімі анықталды

Белградта өтетін әлем чемпионатына қатысатын боксшылар тізімі анықталды

Бокстан Сербия астанасы Белградта өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сонымен, ұлттық құраманың екі ОЖЖ және кейбір «даулы салмақ санатындағы» спарринг жекпе-жектерінің нәтижелері бойынша Қайрат Сәтжанов бастаған жаттықтырушылар штабы келесі құрамды таңдады:

48 кг. Теміртас Жүсіпов
51 кг. Сәкен Бибосынов
54 кг. Махмуд Сабырхан
57 кг. Серік Теміржанов
60 кг. Саматәлі Төлтаев
63,5 кг. Санатәлі Төлтаев
67 кг. Абылайхан Жүсіпов
71 кг. Асланбек Шымбергенов
75 кг. Нұрқанат Райс
80 кг. Нұрбек Оралбай
86 кг. Бек Нұрмағамбет
92 кг. Айбек Оралбай
+92 кг. Нұрлан Сапарбай

Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 2,6 миллион долларды құрайды. AIBA жеңімпаздың әрқайсысына 100 мың доллар, күміс жүлдегерлерге 50 мың доллар, қола жүлдегерлерге 25 мың доллар береді.

2021 жылғы ерлер арасындағы әлем чемпионаты 24 қазан мен 6 қараша аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или