Бокс

Головкин Хайме Мунгиямен жекпе-жек өткізуден бас тартты

Головкин Хайме Мунгиямен жекпе-жек өткізуден бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

WBO нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Хайме Мунгияның (37-0, 30 КО) промоутері Фернандо Бельтран орта салмақта IBF және IBO белбеуінің иегері Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек неге өтпегенін айтты, деп жазады Prosports.kz.

Бельтранның айтуынша, олар қазақстандық боксшымен келісімшартқа қол қоя алмаған.

- Біздің тарап бәріне қол қоюға дайын болды. Келісімшартқа Головкин қол қоймады. Ол Жапонияда жұдырықтасуды жөн көрді. Біз бұл жекпе-жекті өткізуге әрқашан ынталы болдық, тіпті Хайме чемпион болмай тұрған кезде де. Менің ойымша, Хайме Головкинді жеңудің жолын біледі, тіпті оны нокаутқа түсіруге де қауқары, - деді Фернандо Little Giant Boxing басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Мунгия 13 қарашада америкалық Габриэль Росадомен жекпе-жек өткізеді. Ал Головкин желтоқсан айының соңында WBA Super белбеуінің иегері, жапониялық Риота Муратамен жұдырықтасады деп жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер