Қазақ палуаны Моңғолияда «Хурц арслан» атағын алды

Қазақ палуаны Моңғолияда «Хурц арслан» атағын алды

Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында ұйымдастырылған күрес сайысында арыстан дәрежелі палуан Еркебұлан Малшыұлы жеңімпаз атанып, аймақтық лашын (начин) дәрежесін иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kaznews.mn ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Моңғолдың ұлттық күресінен аймақтық атақ берілетін сайысқа 128 палуан қатысып, аймақтық лашын (начин) дәрежесін Еркінбек Шоқанұлы мен Бердәулет Мұқтарұлы жеңіп алды.

Финалдық кездесу аймақтық арыстан (арслан) Еркебұлан Малшыұлы мен Энхболдын Тамираа арасында өтті. Бұл белдесуде Еркебұлан Малшыұлы жеңімпаз атанып, аймақтық «Хурц арслан» атағын алды.

Бұл атақ моңғолдық ұлттық күрес ережесіне сай аймақтық мерей тойда екі мәрте жеңімпаз атанған палуанға беріледі.

Еркебұлан Малшыұлы бұған дейін 2011 жылы аймақтық арыстан атағын алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или