«Қайрат» Қазақстан кубогын жеңіп алды
17 қазанда Нұр-Сұлтанда футзалдан Қазақстан кубогының финалы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кубок иегері атағына «Қайрат» АФК мен «Атырау» таласты.
Тартысты ойында «Қайрат» жеңісті жұлып әкетті. Матч 4:3 есебімен аяқталды.
Қазақстан кубогы.
«Қайрат» - «Атырау» 4:3
«Қайраттың» голдары: Витао, Эдсон, Акбаликов, Ранжел.
«Атырау» голдары: Синезио (3).
Еске салайық, таяуда «Қайрат» «Атыраумен» ойнаған еді. 7 қазанда алматылықтар атыраулықтарды 5:2 есебімен жеңіп, Қазақстан Суперкубогын иеленген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или