Қазақстан - УЕФА рейтингінің үздік төрттігінде. Португалия алға шықты
Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионын алға жіберіп, УЕФА рейтингінде төмендеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлем чемпионатындағы жетістігінен кейін Португалия құрамасы рейтингте үшінші орынға көтерілді. Жартылай финалға жеткен Қазақстан құрамасы төртінші орынға түсті. Бірақ қазақстандық футзалшылар рейтингте бесінші орындағы Хорватиядан тым алыстап кетті.
УЕФА нұсқасы бойынша футзал құрамаларының рейтингі:
1 Испания — 2493,789 балл.
2 Ресей – 2464,226.
3 Португалия – 2450,616.
4 Қазақстан – 2385,842.
5 Хорватия – 2051,042.
6 Әзербайжан – 2015,589.
7 Сербия – 2007,570.
8 Италия – 1934,516.
9 Чехия – 1887,535.
10 Украина – 1856,420.
…
17 Грузия – 1694,055.
18 Беларусь – 1688,976.
23 Латвия – 1464,140.
33 Армения – 1217,145.
42 Литва – 910,904.
45 Эстония – 849,940.