Мбаппе ПСЖ-мен келісімшартты ұзартпауды ұйғарды. Футболшы «Реалға» ауыспақ
Шабуылшы Килиан Мбаппе ПСЖ-дан кетіп, «Реалға» ауысуға бекінді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі AS басылымына сілтеме жасап.
22 жастағы француз париждіктермен келісімшартты ұзартпауды ұйғарды. Клуб ұсынатын жалақы да оның ойын өзгертпейді.
Еске салайық, Мбаппенің ПСЖ-мен келісімшарты 2022 жылы 30 маусымда бітеді. Килиан ПСЖ сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетеді, оның алдында «Монако» сапында ойнаған.
Биыл жазда футболшыны мадридтік «Реал» сатып алғысы келген, алайда париждік клуб ұсынысты қабылдамаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или