Геннадий Головкин жыл соңына дейін тағы үш кездесу өткізбек

Орта салмақта WBA (Super), WBС (Interim) және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жыл соңына дейін кемінде тағы үш кездесу өткізбек.

Бұл туралы жерлесіміздің менеджері Олег Германн хабарлады, деп жазады Vesti.kz сайты. «Біз 2015 жылы төрт жекпе-жек өткіземіз деп жоспарлағанбыз. Егер үлгерсек, жыл соңына дейін тағы бір кездесу ұйымдастырылуы мүмкін. Барлық жұдырықтасу АҚШ-та өтеді» деп келтіреді Олег мырзаның сөздерін Fightnews.ru.

Геннадий Головкин шаршы алаңға 16 мамырда Лос-Анджелесте шығады. Оның бұл жолғы қарсыласы – кіші Вилли Монро. Осы кездесуден соң қазақстандық былғары қолғап шебері WBC белбеуінің иегері пуэрторикалық Мигель Коттомен матч өткізуге ниетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі жекпе-жегінде Головкин Монте-Карлода британдық Мартин Мюррейді нокаутқа жиберген болатын.

24.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или