«Қайрат» АФК Қазақстан кубогының жартылай финалына шықты
«Қайрат» АФК футзалдан Қазақстан кубогы топтық кезеңі төртінші турының матчында ақтөбелік «Рахметті» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 7:5 есебімен алматылықтардың пайдасына аяқталды. Осылайша, «Қайрат» АФК «А» тобында бірінші орын алып, жартылай финалға шықты. 1/2 финалға әр топтың екі үздік командасы шығады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Қайрат» қатарынан 18-рет Қазақстан чемпионатын жеңіп алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или