«Қазақстан тек 0:2 есебімен жеңілгеніне қуануы керек»

«Қазақстан тек 0:2 есебімен жеңілгеніне қуануы керек»

Украиналық танымал бапкер әрі футбол сарапщысы Олег Федорчук Fanday.net сайтына берген сұхбатында Қазақстан - Босния және Герцеговина матчына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Нұр-Сұлтандағы матч 0:2 есебімен босниялықтардың пайдасына аяқталған болатын. 

«Босния ойынды толықтай бақылауда ұстады. Мен негізгі ойыншылардың, оның ішінде Пьяничтің болмауы босниялықтардың ойынына әсер етеді деп ойладым, бірақ жоқ. Олар күш сақтап ойнады, сондықтан Қазақстан тек 0:2 есебімен жеңілгеніне қуануы керек. Джеко нашар матч көрсеткеніне қарамастан. Менің ойымша, бұл ойындардан кейінгі басты қарсыласымыз - Босния», - деді украиналық сарапшы. 

Бұл ойыннан кейін Қазақстан 3 ұпаймен соңғы орында тұр. Ал іріктеу кезеңінде алғаш рет жеңген Босния алты ұпаймен үшінші орынға көтерілді. 

Қазақстан құрамасы енді 12 қазанда өз алаңында Финляндияны қабылдайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или