«Ол - «Барселонаны» жеңген бапкер. «Карабах» жаттықтырушысы - Құрбан Бердыев туралы
Әзербайжандық «Карабахтың» бас бапкері Гурбан Гурбанов Конференция лигасы топтық кезеңіндегі қарсыласы алматылық «Қайрат» туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі azerisport.com сайтына сілтеме жасап.
«Базельден» басқа үш команданың әлеуеті бір-бірін жеңуге жетеді. Мен қарсыластың ойындарын қарадым, бірақ олар да, әрине, бізді талдайды. Құрбан Бердыев - өте тәжірибелі бапкер, оның құрамында өте жақсы ойыншылар бар. Ол - «Барселонаны» жеңген бапкер. Ол туралы, еурокубоктардағы тәжірибесі туралы көп айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бұл туралы бәрі біледі. Сондықтан біз қарсыласқа мұқият боламыз, қорықпаймыз және матчқа дайындаламыз», - деді Гурбанов.
Айта кетейік, «Карабах» пен «Қайрат» арасындағы матч 21 қазанда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или