Әлем чемпионаты: Сұлтан Әсетұлы жұбаныш белдесуінде бақ сынайды
Ослодағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақта жартылай финалдық кездесу аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандық Сұлтан Әсетұлы жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алды. Ол бірінші белдесуде грузиялық Леру Абуладзеден 4:5 есебімен ұтылған болатын.
Жартылай финалда Абуладзе венгриялық қарсыласын жеңіп, әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Осылайша, Сұлтан Әсетұлы жұбаныш белдесуіне қатысады. Сұлтанның қарсыласы - жапониялық Кенсуки Шимизу.
Егер жұбаныш белдесуінде жеңіске жеткен жағдайда, қола медаль үшін күресте венгриялық Эрик Торбаға қарсы шығуы мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или