Аманқосов: Жәмила бар күшін жартылай финалда түрік балуанына жұмсады

Аманқосов: Жәмила бар күшін жартылай финалда түрік балуанына жұмсады

Күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жәмила Бақбергенова бастаған Қазақстан әйелдер командасы Ослодан елге оралды. Осы орайда, бас бапкер Нұрлан Аманқосов Норвегиядағы турнирді қорытындылады

- Ослодағы әлем чемпионатында он салмақтың сегізінде сынға түстік. Соның ішінде Жәмила Бақбергенова ғана жүлдеге ілікті. Шыны керек, біз Ослоға кіл жас балуандарды апардық. Тәжірибелі спортшылар қатарында Эльмира Сыздықова мен Бақбергенова ғана болды. Сыздықова медаль алады деген жоспарымыз орындалған жоқ. Ал қалған жас балуандар үшін бұл бәсеке үлкен тәжірибе болды. Біздің мақсатымыз да жастарды үлкен бәсекелерге қосу еді.

Ал Жәмилаға келер болсам, ол финалда кішкене қобалжып, өз дегенін істей алмады. Жартылай финалдағы түрік қызына көп күш жұмсады. Осыған дейін түркиялық балуаннан үш рет ұтылып қалған болатын. Ақтық сында біздің тактикалық жоспарымыз жүзеге аспады, Жәмила қарсыласы күтіп, бір орында тұрып қалды. Жеңілістің себебі осы деп ойлаймын.

Енді команда спортшылары 15 қазаннан бастап жаттығу жиынына қатысады. Негізгі мақсатымыз - келесі жылы өтетін Азия ойындарына, әлемдік додаларға дайындалу, - дейді бас бапкер. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или