Жеңілмеген қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегіне дайын

Жеңілмеген қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегіне дайын

Кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Николай Швабтың (7-0) келесі жекпе-жегіне дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 жастағы жерлесіміз инстаграм парақшасында «16 қазанда жекпе-жек. Мен дайынмын!», деп жазды.

Отандасымыз 16 қазанда Американың Клируотер қаласында (Флорида штаты) шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, Николай Шваб кейінгі жекпе-жегін Майамиде өткізген. 10 шілдеде ол америкалық Рондейл Хабберттытөрешілер шешімімен жеңді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или