Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеді
Қазақстан уақытымен 10 қазан күні таңертең орта салмақтағы қазақстандық Темірлан Райымқұлов (2-1-2) АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Филадельфияда (Пенсильвания, АҚШ) Райымқұлов америкалық Джейдон Эрвинге (1-0) қарсы жұдырықтасады.
Жекпе-жек қарсаңында екі қарсылас та орта дивизион шегін (160 фунт немесе 72,6 келі) орындады.
Темірлан Райымқұлов екі жылдан астам уақыттан кейін рингке оралады. Алдыңғы жекпе-жегінде 2019 жылдың 20 шілдесінде Геленджикте (Ресей) төрешілердің шешімімен Швеция өкілі Шади Гамхурға (12-0, 9 КО) есе жіберді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или