Нұрлан Аманқосов шәкірті Жамиля Бақбергенованың финалдағы белдесуіне баға берді
Әйелдер күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Нұрлан Аманқосов шәкірті Жәмила Бақбергенованың финалдағы белдесуіне қатысты өз ойын айтты деп жазады Olympic.kz.
Айта кетелік, Жәмила 72 келі салмақта әлем чемпионатының финалында белдесіп, жапондық қарсыласынан ұтылған болатын.
- Күмістің өзі үлкен көрсеткіш. Жәмила финалда біраз тұрып қалды. Қарсыласы мұны сәтті пайдаланды. Кездесу біткен соң да, көп қимылдамай, қарсыласын күтіп қалғанын өзі айтып жатыр. Міне, жапон қызына екінші рет есе жіберіп отыр.
Ал жартылай финалда кездескен түркиялық балуаннан Бақбергенова бұрын үш рет жеңілген еді. Төртінші белдесуінде есе қайтарды. Жәмиланың жеңісі әлі алда. Оның жүлде беретін кезі де әлі алда деп есептеймін, - дейді бас бапкер.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или