Раимова мен Каюмова әлем чемпионатындағы жұбаныш белдесуінде жеңілді
Ослода өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында әйелдер күресінен жұбаныш белдесулері аяқталды.
Өкінішке қарай, қазақстандық балуандар жеңіліп қалды.
57 келіде белдескен Нулифар Раимова моңғолиялық Даваачимер Ерхенбаярдан мерзімінен бұрын, 0:10 есебімен ұтылды.
59 келідегі Диана Каюмова Моңғолия өкілі Шовдор Баатаржавтан 0:6 есебімен жеңіліс тапты.
Осылайша, қазақстандық спортшылар жүлдеге таласу құқығынан айырылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или