Неміс боксшысы шаршы алаңға қазақтың оюы бар киіммен шығады
Неміс боксшысы Артур Манн шаршы алаңға қазақтың ұлттық оюы бар киім киіп, Қазақстанның туын алып шығады.
Ол латвиялық боксшы Майрис Бредиспен 16 қазанда Рена аренасында жұдырықтасады. Екі боксшы бірінші ауыр салмақта IBF чемпиондық белбеуін сарапқа салады. Бұл Бредис үшін бір жылдан астам үзілістен кейінгі бірінші жекпе-жек болмақ.
Айта кетейік, Манн 1990 жылы Ақтөбеде туып, екі жылдан кейін Германияға көшкен. Кәсіби бокста Германия атынан шығады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или