Иван Дычко мен Данияр Елеусінов елордада жекпе-жек өткізетіндерін растады

Иван Дычко мен Данияр Елеусінов елордада жекпе-жек өткізетіндерін растады

Қазақстандық боксшылар Иван Дычко (10-0, 10 КО) мен Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) рингке қашан оралатыны белгілі болды.

Бұл туралы ақпаратты қос боксшы өз аккаунттарында растады.

Жеңілмеген проспектілер 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы бокс кеші аясында өнер көрсетеді. Қазақстандықтардың қарсыластары әлі белгісіз.

Еске салайық, Данияр Елеусіновтің соңғы жекпе-жегі 2020 жылы өткен. Екінші раундта ол намибиялық Юлиус Индонгоны (23-4, 12 КО) нокаутқа жіберген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или