Қазақстандық екі балуан әлем чемпионатының «қола» жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алды
Қазақстандық балуандар – Нилуфар Раимова (57 келіге дейін) мен Диана Каюмова (59 келіге дейін) Ослода (Норвегия) өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін таласуға мүмкіндік алды, - деп хабарлайды Рrosports.kz.
Оларды жеңген балуандар финалға шықты.
Сонымен, Раимова моңғолиялық Давачимег Эрхембаярмен, ал Каюмова - Шоовдор Баатаржавынмен белдеседі. Бұл кездесу ертең, 7 қазанда өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық Жамиля Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақта финалда өнер көрсетеді. Оның қарсыласы жапондық Масако Фуруичи болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или