Усик пен Джошуа арасындағы реванш қашан өтетіні белгілі болды

Усик пен Джошуа арасындағы реванш қашан өтетіні белгілі болды

Британдық боксшы Энтони Джошуаның промоутері Эдди Хирн украиналық Александр Усикпен реванштың қашан болатынын айтты, деп хабарлайды Рrosports.kz.

«Мен Александр Красюкпен (украиндық промоутер және Усиктің менеджері) кездестім, біз бәрін келістік. Жекпе-жек наурыз немесе сәуір айларында өтуі мүмкін. Оның командасы желтоқсанға дейін үлкен бірдеңе жасайтыны екіталай. Бірақ содан кейін біз жоспар құруды бастаймыз»,- деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Джошуа мен Усик арасындағы бірінші жекпе -жек төрешінің шешімімен Александрдың сенімді жеңісімен аяқталды. Осы жеңістің арқасында Усик ауыр салмақта WBA (Super), WBO, IBF және IBO титулдарын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или