«Келесі жолы қойылым одан да жарқын болады». Усик Джошуамен реванш туралы мәлімдеме жасады
Украиналық боксшы Александр Усик Энтони Джошуамен реванш туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Усик пен Джошуаның екінші тартысы келесі жылдың басында болады. DAZN трансляциясына берген сұхбатында Усик екінші жекпе-жекте одан да жақсы жұдырықтасатынын айтты.
«Мен сәтті жұдырықтасып Джошуаны жеңдім, бірақ келесі жолы қойылым одан да жарқын болады. Қазір ешқандай шектеулерді сезінбеймін. Келесі жолы одан да жылдам әрі күшті боламын. Сіз шекті деңгейге жеткен сияқты болсаңыз, дайындық процесінде одан да көп күш жұмсау керек, және сіздің мүмкіндіктеріңіз одан да үлкен екені белгілі болды. Бұл үшін тәртіп, амбиция және еңбек ниеті қажет», - деді боксшы.
Ол сонымен қатар үлкен спортта өзгелердің сөзіне құлақ аспай тек жаттығу қажет екені айтты.
«Сіз алға жылжуыңыз керек, ешкімді тыңдамаңыз, ешкімге жолыңызға кесе көлденең тұрып тоқтатуға жол бермеңіз. Жеңістің кілті – менің командамның жұмысы. Мен тек жекпе-жек жоспарын мүмкіндігінше ұстанамын. Қысым көрсетіп, жекпе -жек соңына дейін жоғары қарқынды сақтаймын. Ең бастысы – қырағы болу керек», - деді чемпион.