Үстел теннисі құрамасының бас бапкері: Азия чемпионатында үздік он құраманың қатарына ендік
Ел құрамасының бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиева Катардағы үстел теннисінен Азия чемпионатына қатысты пікірін білдірді.
- Келесі жылы Қытайда өтетін командалық әлем чемпионатына қатысу үшін команданың алдында "үздік ондыққа" кіру міндеті тұрды, біз бұл міндетті орындадық. Ерлер, әйелдер құрамалары 1/4 финалға дейін жетті. Қазақстандықтардың ілгерілеуі айқын, біз көрсеткіштерді айтарлықтай жақсарттық.
Әйелдер мықты Иранды жеңіп, Сингапурмен, Таиландпен тең дәрежеде күресті. Ерлер Гонконг, Тайбэй, Таиланд, Сингапур спортшыларынан жеке жеңістерге ие болды. Бұл республикалық үстел теннисі Федерациясы мен жаттықтырушылар ұжымының бірлескен жемісті жұмысының нәтижесі. Біздің құраманың қазіргі құрамы ойын деңгейін жетілдіруге және Азия құрлығының ең мықты командаларымен тең дәрежеде күресуге әлеуеті бар, - деді маман.