Головкин абсолют әлем чемпионы атанбағанына кім кінәлі? Абель Санчес жауап берді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес GGG ұлыбританиялық Билли Джо Сондерске қарсы жекпе-жек неге өтпей қалғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>Боксшылар орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасуы керек болған. Себебі </span>2017 жыл Головкин WBA, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы еді, ал Сондерсте WBO белбеуі болды. Сол жылдары екеуі жекпе-жек өткізбек болған. Жекпе-жекті Қазақстанда өткізу жоспарланған, бірақ кездесу өтпей қалды.
<span>«</span>Біз, расымен де, Қазақстанда Сондерске қарсы жекпе-жек өткізу туралы келісімшарт жасасқанбыз. Бұл елордадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде болуы керек еді. Бірақ қандай да бір себептермен ЭКСПО ұйымдастырушылары келісімшартта көрсетілгендерді орындай алмады, сондықтан жекпе-жек өтпеді. Бұл жекпе-жекті ұйымдастырудың жалғыз жолы біз Билли Джоға берген уәделерді орындау болатын. Алайда ұйымдастырушылар оған келісімшартта көрсетілген соманы бере алмады, сондықтан олар қайта келіссөз жүргізбеді. Өйткені бізде мұндай ақша жоқ еді<span>»</span>, - деді Санчес FightHub телеарнасына берген сұхбатында.
<span>Абель Санчестің пікірінше, сол жылы Головкин мен Сондерс жұдырықтасса, қазақстандық боксшы жеңер еді. </span>