Дмитрий Попко Лиссабон турнирінің чемпионы атанды
Қазақстандық Дмитрий Попко Лиссабон челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
<span>Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, дүниежүзілік рейтингте 187-орында тұрған қазақстандық спортшы финалда италиялық Андреа Пеллегриноны 6:2, 6:4 есебімен жеңді. </span>
<span>Екі сағатқа жуық созылған матч барысында Попко 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 брейктен аса алмады. </span>
<span>Бұл олардың өзара алғашқы кездесуі еді. </span>
<span>Бұған дейін Д.Попко екі мәрте осындай доданың финалында өнер көрсетіп, жеңіліп қалған еді. Сөйтіп өз спорттық жолында челлендж турнирлеріндегі бірінші табысына қол жеткізіп отыр.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или