Рыбакина қарсыласы бас тартқаннан кейін Чикагодағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Чикагодағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің ширек финалдық кезеңінде әлемнің 17-ракеткасы Рыбакина WTA рейтингісінде 12-орында тұрған Швейцария өкілі Белинда Бенчичпен кездесті.
Рыбакина 6: 4, 3: 1 есебімен жеңіп жатқанда Бенчич күресті жалғастырудан бас тартты. Қарсыластар кортқа 1 сағат 10 минут жұмсады.
Жартылай финалда Рыбакина тунистік Унс Джабирмен ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или