Қазақстандық үстел теннисшілері Азия чемпионатындағы жетістігі үшін спорт шебері атанды
Осы күндері Дохада (Катар) өтіп жатқан үстел теннисінен XXV Азия чемпионатында сәтті өнер көрсеткендері үшін еліміздің ұлттық құрамасының спортшылары "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атағына ие болды.
Атап айтсақ, олар: Айдос Кенжеғұлов, Зәуреш Ақашева, Алан Құрманғалиев, Сарвиноз Мирқадірова, Ырысбек Артұқметов, Анастасия Лаврова, Анель Бақыт. Команда көшбасшысы Кирилл Герасименко бұл атаққа 2017 жылы ие болды.
Катарда біздің ерлер мен әйелдер құрамалары жоғары шеберлікті, жеңіске деген құштарлықты көрсетті, құрлықтық жарыстардың финалдық сегіздігіне шығып, 2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или