Қазақстандық жеңілатлеттер Азия чемпионатында үш алтын медаль еншіледі
Қазақстан өкілдері жеңіл атлетикадан 20 және 18 жасқа дейінгілер арасында Ашық Азия чемпионатына қатысты, деп жазады ҚазАқпарат.
<span>«Қыркүйектің соңғы күндері (29-30.09. 2021) Ташкент қаласында (Өзбекстан) жеңіл атлетикадан 20 және 18 жасқа дейінгілер арасында III Ашық Азия чемпионаты өтуде. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында «Алтай-Атлетикс» клубының жас спортшылары өнер көрсетіп, жарыстың алғашқы күнінде бірден үш «алтын» медаль олжалады.</span>
<span>Олар: Рыпакова Анастасия — 5.90 (ұзындыққа секіру), Бромат Валерия — 12.32 (100 м) және Ефим Тарасов — 49.04 (400 м), сондай-ақ Анастасия және Валерия ҚР құрамасы сапында 100 м-ден 4 эстафетаны жеңіп алды. Біздің спортшыларды құттықтаймыз!» - деп хабарлады «Алтай Атлетикс» клубының баспасөз қызметі.</span>