Попко Лиссабондағы турнирдің ширек финалына шықты

Попко Лиссабондағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Лиссабонда (Португалия) өтіп жатқан «Челленджер» сериялы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымда отандасымыз германиялық Бенджамин Хассанды жеңді. 

1 сағат 21 минутқа созылған 6:2, 6:4 есебімен аяқталды.  

Айта кетейік, Попко турнирдің бірінші айналымында италиялық Лоренцо Джустиноны 1:6, 6:3, 4:1 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или