Головкинді жеңу үшін күшке емес, ақылға салу керек – Вилли Монро

Головкинді жеңу үшін күшке емес, ақылға салу керек – Вилли Монро

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдарында орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (32-0, 29 КО) жеңу үшін күшті сарп етудің қажеті жоқ, тек ақылға салсаң жеткілікті. Мұндай пікірді Boxcino-2014 турнирінің жеңімпазы 28 жастағы Вилли Монро (19-1, 6 КО) айтты, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Головкиннің барлық қарсыласы оның жойқын соққысынан қорқып, жеңілуге алдын-ала дайындалып шығатын. Менің атам «қанша мықты болсаң да, сенен де мықтылардың шығатыны шындық, мұндайларды күшке емес, ақылға салсаң ғана жеңесің» деп үнемі айтып отыратын. Сол айтпақшы, бұл кездесуде мен күшіме емес, ақылыма жүгінемін. Мәселен, Boxcino турнирінде ең мықты боксшы болдым деп айта алмаймын. Менен де мықтылар болды, ондағы бар артықшылығым ақылмен – жұмыс істеуімде деп ойлаймын», - дейді Вилли Монро.

Айта кету керек, бүгінге дейін отандасымыздың қарсыластары жекпе-жектің алдында Головкинді жеңудің сан түрлі тәсілін айтып, жеме-жемге келгенде өз сөздерінің үдесінен шыға алмағанын ескеру керек. Ал Монро атасының ақылын қаншалықты жүзеге асыра алар екен?!

Естеріңізге саламыз, Головкин – Монро жекпе-жегі биылғы жылдың 16 мамырында Лос-Анджелесте өтеді. Кездесуді НВО телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или